Құрметті Шығыс Қазақстан облысы және Өскемен қаласының тұрғындары

Құрметті Шығыс Қазақстан облысы және  Өскемен қаласының тұрғындары

Азаматтардың назары үшін: Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы  мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика ережелері) сәйкес, мемлекеттік қызметкерлер міндетті:

  1. адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;
  2. өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге;
  3. жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге.

Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде, қызметтік этика нормаларын сақтау мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің бұзулуын болдырмау, Әдеп жоніндегі уәкіл, Шығыс Қазақстан облысынң Әділет департаменті басшысының орынбасары Бейсембек Қанайбекұлы Әл-Сейіт бақылайды.

Мемлекеттік қызметшісімен - Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің қызметкерімен байланысқан кез келген азамат ықтимал мүдделер қақтығысы немесе басқа этикалық мәселелер туындаған жағдайда, Әдеп жөніндегі уәкіліне кеңес алуға жүгіне алады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, 2021 жылдың 20 қазанында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департментінің «Шығыс Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінде, орналаскан жері: Өскемен қаласы, Шәкәрім даңғылы, 6 (бұрыңнғы Ворошилов көшесі), сағат 10-00 ден 12-00-ге дейін, Әдеп жөніндегі уәкіл Б.Қ.Әл-Сейіт, мемлекеттік қызметшілер - Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің қызметкерлері өз міндеттерін орындауда және қызметтен тыс уақытта мінез-құқық нормаларын сақтау мәселелері бойынша азаматтарды жеке қабылдауын өткізеді.

Сұрақтар туындаған жағдайда, 8(7232) 70-19-12 және 70-40-58 телефон арқылы, жұмыс күндері сағат 09-00-дан 18-30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін, хабарласуыңызға болады.

Жеке кездесуге бару мүмкіндігі болмаған жағдайда, 2021 жылдың 20 қазанында, сәрсенбі күні, сағат 10-00-ден 12-00-ге дейін, қабылдау кезінде тікелей кеңес алу үшін, 8(7232) 70-98-16 телефон арқылы хабарласа аласыз.

Короновирустық инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтауды сұраймыз.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі