Эксаумақтылық қағидаты жөнінде мемлекеттік қызмет көрсетудің пилоттық режимін орындау бойынша облыстық тіркеуші органдарының жұмысын талдау

Эксаумақтылық қағидаты жөнінде мемлекеттік қызмет  көрсетудің пилоттық режимін орындау бойынша облыстық  тіркеуші органдарының жұмысын талдау

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 2019 жылғы желтоқсаннан бастап азаматтық хал актілерінің барлық түрлерін тіркеудің, қайталама куәліктер мен анықтамалар берудің жаңа эксаумақтық қағидатын енгізді. Осы қағидатқа сәйкес азаматтық хал актісін тіркеу (азаматтың тұрғылықты жеріне қарамастан) не қайтадан куәлік немесе анықтама алу қажет болған кезде елдің қай өңірінде бұрын тіркелгеніне қарамастан өтініш беруші өз құжатын кез келген тіркеуші органнан өз қалауы бойынша ала алады.

Бірінші кезекте ол халыққа ыңғайлы болу үшін әзірленген және азаматтардың уақыт және қаржы шығындарын қысқартуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету процесін цифрлық форматқа көшіруге мүмкіндік береді.

Бекітілген новеллаларды іске асыру бойынша заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілердің бекітілуіне байланысты, эксаумақтылық қағидаты саласында тек 2020 жылдың екінші тоқсанынан бастап жұмыс істей бастады. Содан бері өткен уақыт кезеңі осы жаңалықтың тиімділігін көрсетті.

Осылайша, қайталама құжаттарды алуға өтініштерді орындау уақыты 30-дан 5 жұмыс күніне дейін қысқарды. Бастапқы тіркеу тұрақты тұрғылықты жеріне де, бұрын Кодекстің ескі нормалары бойынша қолданылған тіркелген оқиғаның орнына да байланысты емес. Мысалы, бала Нұр-Сұлтанда дүниеге келген, ата-анасы Алматыда тіркелген және тұрақты тұрады, бірақ өз баласының тууын уақытша болатын жері бойынша Өскеменде тіркей алады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған баланың тууын мемлекеттік тіркеу рәсімі жеңілдетілді. Туу туралы куәлік туған елінде алынғанына қарамастан, ата-аналар, Қазақстан азаматтары өз баласына қазақстандық үлгідегі туу туралы куәлікті алуға құқылы.

Облыстың тіркеу органдарының көпшілігінің ақпараты бойынша, эксаумақтылық қағидаты бойынша өтінімдерді орындау бөлігінде проблемалар жоқ. Алайда, қайталама құжаттарды алуға байланысты кейбір мәселелер бар. Біріншіден, бұл акт жазбаларының АХАЖ ТП АЖ электрондық мұрағатында болмауы. Әсіресе Аягөз, Бесқарағай, Көкпекті, Үржар аудандарына, Семей қаласына қатысты, олардың жазбалары белгісіз себептермен ортақ базаға қосылмаған. Мұндай жағдайларда тіркеуші орган жоқ жазбаны кейіннен деректерді түзете отырып, оны сканерлеу және атрибуттау үшін әділет департаментіне жібереді. Өткен уақыт аралығында Әділет департаменті 10 мыңнан астам жазбаны сканерлеп, өңдеді.

Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімі