Өзгерістер бойынша семинар өткізілді

Өзгерістер бойынша семинар өткізілді

14 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің құқық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімімен Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 28 мамырдағы №61 "Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" және "Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" №62 бұйрығына өзгерістер енгізу бойынша семинар өткізілді.

Іс-шараның мақсаты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 827 және № 828 бұйрығымен енгізілген өзгерістерді зерделеу.

Семинар барысында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының хабарламасын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының аттестаттауға жіберу туралы құжаттарын қарау мерзімдерін өзгерту, жеке басын растайтын құжаттарды ұсыну, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі бойынша сұрақтарды тестілер тізбесіне енгізу және т.б. мәселелер мен өзгерістер талқыланды.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі