Дөңгелек үстел өткізілді

Дөңгелек үстел өткізілді

14 қазанда Шығыс Қазақстан облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Әділет Бейсенбаев төрағалығымен, Төтенше жағдайлар департаменті "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ бастығы, полковник Марат Әбілсейітов, полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Андрей Ларионов, Әділет департаменті басшысының орынбасары Айдын Амирханов, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының орынбасары Дәурен Мырзағалиевтың қатысуымен, жеке сот орындаушыларының азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірумен байланысты атқарушылық құжаттарды орындау кезіндегі іс-қимыл алгоритмін әзірлеу мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу жайлы дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара қорытындысы бойынша жоғарыда көрсетілген атқарушылық құжаттарды орындау кезіндегі іс-қимылдың бірыңғай алгоритмі әзірленді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі