13 қазан күні Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің ұжымы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын түсіндіру бойынша семинар өткізді.
Іс-шараға Департамент қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында "Қазақстан халқының бірлігі – 2021 Жолдауы" тақырыбында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары Айдын Амирханов баяндама жасады.
Іс-шара соңында, басшының міндетін атқарушы Бейсембек Әл-Сейіт ұжымға семинарға қатысқандарға алғысын білдірді.
ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі