Семинар өткізілді

Семинар өткізілді

13 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушысы Бейсембек Әл-Сейіттің төралығымен онлайн семинар өткізілді. Іс-шараға Шығыс Қазақстан облыстық нотариаттық округінің нотариустарында тағылымдамадан өтушілер қатысты.

Аталған іс-шараның өткізудің мақсаты – нотариаттық қызмет мәселелері бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін түсіндіру болып табылады.

Семинар барысында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Айгүл Сарсембаева баяндамен сөз сөйледі. Өз баяндама аясында бас маман аттестаттаудан өту, қолданыстағы заңнамаеы білуге арналған тестілеуді өткізу үшін қажетті құжаттар туралы айтты.

Іс-шара соңында, басшының міндетін атқарушысы семинарға қатысушыларға алғыс білдірді.

 

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі