Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 8 қазан күні нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу саласы бойынша тағылымдамадан өтуге келген мемлекеттік қызметшілері арасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 тамыздағы № 544 «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің тақырыбы бойынша бөлімнің бас маманы Гульфара Сарбасова:
-нормативтік құқықтық актілердің тіркелімдерін жүргізу және құқықтық мониторинг жүргізу кестесін бекіту тәртібі туралы;
Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу кезінде туындаған сұрақтар бойынша толық жауаптар берілді.
ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі