8 қазан күні Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті "ТРИНТА"жеке қорымен ұзақ мерзімді серіктестік туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандумға қол қоюдың мақсаты Шығыс Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінің тұрғындарының құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру үшін жағдай жасау болып табылады.
Меморандум ақпараттық өзара іс-қимылды, тәжірибе мен жұмыстың үздік практикаларымен, оның ішінде ақпараттық және пікірталас іс-шаралары шеңберінде алмасуды, ауыл халқының құқықтық сауаттылығын арттыру жүйесін құру процесінде консультациялық қолдауды, ауыл тұрғындарының құқықтары мен мүмкіндіктері туралы ақпараттық өріс құру үшін оқу-әдістемелік, таныстырылым материалдарымен алмасуды, сондай-ақ ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттырудағы жаңа тәсілдерді ілгерілету барысында өзара имидждік қолдауды көздейді.
Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің
баспасөз қызметі