«Юстиция кеңес береді»

«Юстиция кеңес береді»

            2021 жылдың 6 қазанында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен азаматтардың үкіметке деген сенімін арттыру, әкімшілік кедергілерді жою үшін, қолайлы жағдайлар жасау мақсатында «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облысы филиалында «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді.

            Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің басшысы Нургали Есиркепович Андасов,  ШҚО Әділет департаментінің бөлім басшылары Нуржан Кайратович Курмангалиев, Айдар Токтасынович Токтамуратов, Сауле Жанузаковна Исаева, Сержан Қаирлыұлы Мұхамеджанов және Шығыс Қазақстан облысының жеке сот орындаушылар аумақтық палатасының басшысы Адлет Мадениетович Бейсенбаев қатысты.

             Өскемен қаласының және Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына алимент өндіру, банктік шоттардан, жылжымалы және жылжымайтын мүліктен тиім салуды алып тастау және сот орындаушылардың жұмысына қатысты басқа да мәселелер бойынша, сондай-ақ әділет органдары қызметінің барлық салаларында кеңес алуға мүмкіндік беріледі.

            Іс-шара барысында  3 азамат кеңес сұрады, жүгінген азаматтардың барлығына қойылған сұрақтар бойынша құқықтық кеңес және толық жауаптар берілді.