Қазақстанның кейбір заңнамаларына өзгерістер енгізу

Қазақстанның кейбір заңнамаларына өзгерістер енгізу

2021 жылғы  2 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының  экология кодексі 2021 жылдың 1 шілдесінен қолданысқа енгізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 554 қаулысымен «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына өзгерістер енгізілді.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурызда № 84 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» және Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2021 жылғы 27 наурызда № 138 «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2019 жылғы 20 маусымдағы  № 417 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрықтары қабылданды.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 «Жергілікті қоғамдық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Жоғарыда аталғандардың негізінде қазіргі уақытта жергілікті өкілді және атқарушы органдармен нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.