Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді

Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі кеңестің  кезекті  отырысы өткізілді

2021 жылғы 24 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі кеңестің отырысы өткізілді.

Кеңес отырысында ағымды жылдың 9 айында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің «Шығыс Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің облыстық  «Шығыс Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп өткізілген жұмысы қарастырылды.

Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының аркасында біздің еліміз сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың соңғы үлгісін енгізе бастады.

Өткен жылдар ішінде сыбайлас жемқорлықты төмендету бығытталған көптеген заңдар қабылданды.

Бұл заңдар: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы».

Бұл заңдар елдегі сыбайлас жемқорлықты төмендету, әкімшілік кедегерлерді, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға, мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға, «ашық мемлекетке» көшу үшін бағытталған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеунің негізі» Қазақстан халқына Жолдаунда азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді жауап беруді қамтамасыз ететін «Есту Мемлекеттің» тұжырымдамасын енгізу бүкіл елдің ортақ міндеті екенін атап өтті

Бұл тұжырымдама Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің жұмысына сәтті енгізілуде.

2019 жылдың сәуір айынын бастап Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде «Шығыс Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі ашылып іс-шараларды жүзеге асырады.

Жобалық кеңсесінің міндеті - сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру және азаматтарға қолайлы жағдай жасау.

Жоғарыда аталған мәселелерді талқылау кезінде қатысушылар сыбайлас жемқорлықпен күресу барысында іс-шаралады күшейту қажеттілігін атап айтты және мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор өкілдері арасында сындарлы диалогқа қол жеткізу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар әр түрлі салаларда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал етеді.