Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауы

Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауы

23 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің ұжымы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын зерделеу бойынша семинар өткізді.

Семинардың мақсаты Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын зерделеу. "Елдің өркендеуі-халықтың бірлігі" атты баяндамамен Әділет департаменті басшысының орынбасары Ермек Қорабаев сөз сөйледі.

Баяндама барысында басшының орынбасары Қазақстан халқына Жолдауында мемлекетіміздің жоғары құндылықтарын, қазақ тілін дамытуға арналған бірқатар  сондай-ақ пандемия жағдайында адам құқықтарын қорғауға және қоғамды нығайтуға бағытталған бірқатар бастамаларды атап өтті.

Іс-шара соңында Әділет департаменті басшысының орынбасары Ермек Қорабаев ұжымға семинарға қатысқандарға алғысын білдірді.

 

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі