Пресс-релиз

Пресс-релиз

2021 жылдың 23 қыркүйекте  Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің «ANTIKOR LIVE» алаңында, Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің 2021 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өткізілген іс-шаралар туралы кездесү өткізілді.

2021 жылдың өткен кезеңінде, облыста жемқорлыққа қарсы 58 іс-шара, мемлекеттік қызметшілердің әдеп талаптарын сақтау бойынша 22 іс-шара өткізілді, 2020 жылдың маусымынан 2021 жылдың мамырына дейінгі кезеңге сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының аркасында біздің еліміз сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың соңғы үлгісін енгізе бастады.

Өткен жылдар ішінде сыбайлас жемқорлықты төмендету бығытталған көптеген заңдар қабылданды.

Бұл заңдар: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы».

Бұл заңдар елдегі сыбайлас жемқорлықты төмендету, әкімшілік кедегерлерді, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға, мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға, «ашық мемлекетке» көшу үшін бағытталған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеунің негізі» Қазақстан халқына Жолдаунда азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді жауап беруді қамтамасыз ететін «Есту Мемлекеттің» тұжырымдамасын енгізу бүкіл елдің ортақ міндеті екенін атап өтті

Бұл тұжырымдама Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің  жұмысына сәтті енгізілуде.

2018 жылдың аяғында, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын іске асыру шеңберінде, Шығыс Қазақстанда «Шығыс Адалдық Алаңы» облыстық жобасы басталды, ал 2019 жылдың сәуір айында, облыстағы алғашқы мемлекеттік органдардың бірі болып, Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің «Шығыс Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесін ашып бүгінгі күнге дейін іс-шараларды жүзеге асырады.

Жобалық кеңсесінің міндеті - жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықпен күресу емес, оның пайда болу мүмкіндігін болдырмау, яғни сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, күнделікті сыбайлас жемқорлықты жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру және азаматтарға қолайлы жағдай жасау.

Барлық жұмыс кезеңінде жобалық кеңсеге 32 адам жүгінді, оларға заңгерлік кеңес берілді және олар көтерген сұрақтар мен мәселелер шешілді.

Елімізде төтенше жағдай жарияланғанға дейін, әр сәрсенбіде жобалық кеңсесінде, біздің қызметкерлер мен қатар, адвокаттар, нотариустар, жеке заңгерлер, жеке сот орындаушылар кезекшілікте болды.

Карантиндік шаралар енгізілгеннен бері, жүгінген азаматтарға, аталған әріптестеріміз консультацияларды онлайн режимде жүргізеді.

Ағымды жылдың 9 айында жобалық кеңсесіне 4 адам жүгінді, өкінішке орай, коронавирустық инфекциясының таралуы мен өсуіне байланысты бүгінгі шындықтар азаматтардың санын азайтты.

Соған қарамастан, біз жобалық кеңсеміздің жұмыс істеу және тегін заңгерлік көмек алу мүмкіндігі туралы халықты ақпараттандыру бойынша белсенді жұмысты жалғастырамыз.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен болдырмау тұтқаларының бірі-мемлекеттік қызмет көрсетудің электронды форматқа көшуі.

Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен ресми құжаттарға апостиль қою және атқарушылық іс жүргізуді бастау қызметтерін қоспағанда, барлық мемлекеттік қызметтер электронды түрде көрсетіледі.

Ағымды жылдың соңына дейін, Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізуі жоспарлануда, оның ішінде «Нұр Отан» партиясының, бұқаралық ақпарат құралдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, қоғамдық ұйымдарының өкілдері және адвокаттар мен депутаттардың қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі кеңестің кезекті  отырысы.