Хабарландыру!

Хабарландыру!
Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті ҚР Әділет министрлігінің Құқықтық ақпараттық қызметі (паж) халыққа құқықтық ақпарат беру бойынша тәулік бойы (үзіліссіз және демалыссыз) тегін анықтамалық, консультациялық қызметтер көрсетуді, құқықтық мәселелер және мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша консультация беруді, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының ережелерін түсіндіруді жүзеге асыратынын, сондай-ақ мемлекеттік органдар туралы Байланыс мәліметтерін, ҚР Әділет Министрлігінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының деректерін ұсынатынын хабарлайды.Консультативтік қызмет көрсету:

- Қазақстан бойынша стационарлық телефон нөмірі: 119,

- Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары үшін: 8(7172)58-00-58 (желі операторының тарифынасәйкес);

- WhatsApp мессенджері арқылы (+7708-693-56-31);

- «Әділет» Нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде «виртуалды кеңесші» виджетінің чат-бот модуляциясы арқылы;

- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтындағы «Сұрақ-жауап» айдарлары арқылы жүзеге асырылады.

Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің баспазөз қызметі