Онлайн семинар

Онлайн семинар

3 қыркүйекте Шығыс қазақстан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары Бейсембек Әл-Сейітпен "Е-Заң көмегі" тақырыбында онлайн семинар өткізілді.

Іс-шараға полиция департаменті заң бөлімінің басшысы Айжан Қалиева, Анықтау басқармасы бастығының орынбасары Арман Үмітов, облыстық прокурордың көмекшісі Сырым Нұрмолдин, адвокаттар алқасының төрайымы Ботагөз Ахметжанова қатысты.

Құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Сәуле Исаева "Е-заң көмегі" ақпараттық жүйесін енгізу жобасын іске асыру туралы баяндама жасады.

Өз сөзінде бөлім басшысы жобаның негізгі мақсаттары мен міндеттерін ақтай отырып, жобаның іске асырылу барысы туралы айтты.

Іс-шара барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің, тергеушілер мен анықтаушылардың  адвокаттардың заң көмегін көрсету кезіндегі қызметтеріне ақы төлеу бойынша қаулыларын шығару барысында жіберілген қателіктері қарастырылды.

Адвокаттар алқасының төрағасымен «ҰАТ» АҚ өкіліне «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесіне қатысты ұсыныстары айтылды.

Іс-шара соңында басшының орынбасары сөз соңында семинарға қатысқандырға алғысын білдірді. 

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі