Азаматтарды қабылдау жүргізілді

Азаматтарды қабылдау жүргізілді

16 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 09.02.2021 жылғы №50 қаулысымен бекітілген 2021 жылға «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Ұлттық жаңғыру кезеңіне көшуі жөніндегі Жол картасының 59-тармағын орындау мақсатында Семей қаласының ауданаралық Әділет басқармасы, Семей қаласының сот актілерін орындау бойынша ауданаралық аумақтық бөлімінің қызметкерлері қалалық мәслихат депутаты Амиржан Турсунович Ахмеджановпен бірлесіп «Nur-Оtan» партиясының Семей қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады.Аталған іс-шараның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың құқықтық салада туындайтын мәселелерін тиімді шешу.

Қабылдау барысында материалдық көмек көрсету, еңбек заңнамасын сақтау, жылжымайтын мүлікті ресімдеу, мемлекет кепілдік берген заң көмегін қамтамасыз ету және басқа да мәселелер бойынша 8 адам жүгінді.

Іс-шара қорытындысы бойынша келіп түскен барлық сұрақтарға жауаптар беріліп, туындаған сұрақтар бойынша толық түсініктемелер мен ұсынымдар берілді.

 ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі