Семинар өткізілді

Семинар өткізілді

9 шілдеде Семей қаласының ауданаралық Әділет басқармасы басшысының м.а. Асия Каленова «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Курчатов қ. бөлімінің мамандарымен бірлесіп онлайн форматта семинар өткізді.

Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты – консультациялық көмек көрсету, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жетілдіру.

Өз сөзінде Асия Каленова коммерциялық емес заңды тұлғаны, филиалды есептік тіркеу, қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу тәртібін, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), филиалдарды есептік тіркеу (қайта тіркеу) және құжаттарды беру мерзімдерін түсіндіріп, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу кезінде туындайтын сұрақтар бойынша ақпарат берді. Сондай-ақ, электрондық түрде тіркеу туралы атап айтты.

Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылармен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының негізгі бағыттары талқыланды. 

Семинар соңында қатысушылар тіркеуші орган мен халыққа қызмет көрсету бойынша бөлімдерінің мамандарының тұрақты ынтымақтастығы мен тығыз өзара іс-қимылы туралы шешім қабылдады.

 

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі