Кезекті аттестаттау өтті

Кезекті аттестаттау өтті

17 маусым күні Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментімен адвокаттық қызметпен айналысуға үміткерлердің Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Аттестаттау комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Ұсынылған өтініштерге сәйкес, отырысқа 29 үміткер шақырылды. Олардың ішінен 24 үміткер қатысты, 5 үміткер белгісіз себептермен қатыспады.

Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Аттестаттау комиссиясының шешімімен 8 үміткер аттестатталынды және 16 үміткер аттестатталынбады.

Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі