Онлайн-семинар өткізілді

Онлайн-семинар өткізілді

18 маусымда Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті адвокаттар Алқасының және облыстың заң консультанттары Палаталарының өкілдерімен "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар қабылдау тұрғысынан заң консультанттары мен адвокаттардың қызметіндегі жаңалықтар мәселелері, халыққа кепілдік берілген көмек көрсету және кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету мәселелері бойынша семинар өткізді.

Департамент басшысының міндетін атқарушы Бейсембек Әл-Сейіт бірінші сөз сөйлеп, қатысушыларды халыққа кепілдендірілген көмек көрсету және кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету саласындағы басым бағыттарымен таныстырды.

Іс-шараны бөлім басшысы Сауле Исаева жалғастырып, елімізде жүргізіліп жатқан "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының адвокаттық қызметті және Заң консультанттарының қызметін автоматтандыруды көздейтін заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесін құру жөніндегі цифрландыру саясаты және ережелерін іске асыру туралы айтып берді.

Семинарда халыққа кепілдендірілген көмек көрсету және кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету мәселелері талқыланды.

 

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі