Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

10 маусымда мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Қабылданған заң адвокаттардың іс жүргізу өкілеттіктерін кеңейтуге бағытталған:

1) қылмыстық процесте қорғалуға құқығы бар куәның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты, сот отырысында тәртіпті бұзғаны үшін адвокаттардан ақшалай өндіріп алу алып тасталады, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария ету болып табылмайтын нақты түсінік беріледі, адвокаттың қылмыстық іске қатысты ақпаратты иеленуі мүмкін адамнан пікіртерім алу тәртібі көзделеді, адвокаттың сот сараптамасын жүргізу туралы сұрау салуы ұғымы енгізіледі;;

2) өтемақы алуға құқығы бар жәбірленушілерге қатысты;

3) сотталған адамдардың құқықтарына қатысты оларға мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету бөлігінде қылмыстық жазаны орындау сатысында жүзеге асырылады;

4) азаматтық процесте бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы электрондық құжат нысанында соттың ұйғарымын жіберуді жеделдету үшін тегін заң көмегін көрсету бөлігінде;

5) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен мәліметтер алу мүмкіндігі бөлігінде жүргізіледі.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі