«Мен донормын» акциясы

«Мен донормын» акциясы

9 маусымда Семей қаласының ауданаралық Әділет басқармасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған «30 игі іс» марафоны аясында «Мен донормын» акциясын өткізді.

Бұл акцияның мақсаты – мұқтаж адамдарға қан құюға көмектесу, ақысыз ерікті донорлықты дамыту.

Акция барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді. Процедурадан бұрын қызметкерлер алдын-ала зертханалық тексеруден, сондай-ақ мүмкін қарсы көрсеткіштерді түсіндіру үшін дәрігерлермен сұхбаттасудан өтті.

Іс-шара соңында «Семей қаласының қан орталығы» ШЖҚ КМК-нің дәрігерлері қатысушыларға алғыс айтып, акция барысында тапсырылған қан қан банкін толықтырып қана қоймай, басқа медициналық мекемелердегі пациенттердің өмірін сақтап қалуға көмектесетінін атап өтті.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі