Онлайн-семинар өткізілді

Онлайн-семинар өткізілді
9 маусымда ШҚО адвокаттар Алқасы ШҚО Әділет департаменті, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ және Республикалық адвокаттар алқасы өкілдерінің қатысуымен мемлекет кепілдік берген заң көмегі мәселелері бойынша онлайн-семинар өткізді.
Ботагөз Ахметжанова құттықтау сөз сөйледі, алқа бухгалтері Елена Сеген кезекшілік кестесіне қатысу және адвокаттың ақы төлеу туралы өтініш беру тәртібін түсіндірді.
Сондай-ақ, басшының орынбасары Бейсембек Әл-Сейіт қатысушыларға елімізде жүргізіліп жатқан цифрландыру саясаты және "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін іске асыру туралы айтып берді.
Семинар барысында "Е-заң көмегі" ақпараттық жүйесінде өтініш беру және тіркеу, электрондық келісімдерге қол қою және адвокаттың көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу туралы өтінішін беру және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды бюджет қаражаты есебінен өтеу мәселелері талқыланды.
Іс-шара соңында басшының орынбасары Бейсембек Әл-Сейіт облыс адвокаттарының "Е-заң көмегі" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне көшу қажеттігін атап өтті.
 
ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі