Отбасы күні

Отбасы күні

14 мамырда Халықаралық отбасы күнін мерекелеу қарсаныңда Алтай ауданаралық әділет басқармасы аудандық АХАТ бөлімімен бірлесіп, отбасы институтын насихаттау, отбасылық құдылықтар мен дәстүрлерді сақтау, оның қоғам өмірі мен дамуындағы рөлін артыру мақсатында некені тіркеу бойынша салтанатты іс-шара ұйымдастырды.

Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Эльвира Итабаеваға некеге тұрғандар үшін жаңа отбасының алғашқы ресми құжаты – неке қию туралы куәлік табыс етілді. АХАТ бөлімінің басшысы Гүлмира Аликанова, әділет басқармасының басшысы Мейрлен Кайратов құттықтау сөз сөйлеп, естелік сыйлықтар табыс етті.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі