«Semey» телеарнасында сұхбат берілді

«Semey» телеарнасында сұхбат берілді

13 мамырда Семей қаласының ауданаралық Әділет басқармасының бас маманы Асия Каленова және «Карагайлы 36» мүліктің меншік иелері бірлестігінің өкілі Толеген Кульдиковпен «Semey» телеарнасына «Мүліктің меншік иелері бірлестігін (ММИБ) құру және тіркеу тәртібі» атты тақырыбында сұхбат берілді.

Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты – қала азаматтарын ММИБ-ті мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды тапсыру тәртібі туралы хабардар ету.

Бас маман ММИБ-ті мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді. Мүліктің меншік иелері бірлестігін тіркеу үшін қажетті құжаттардың толық тізбесі берілді.

Сұхбатта қойылған барлық сұрақтар бойынша толық жауаптар берілді.

 

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі