Заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікке құқық тіркеу

Заңды тұлғаларды  және жылжымайтын мүлікке құқық тіркеу

14 сәуір Тарбағатай ауданаралық әділет басқармасының басшысы Ерлік Бактияровпен, жылжымайтын мүлікке құқық тіркеу бойынша және заңды тұлғаларды тіркеу саласында «Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі»,  атты тақырыбында ШҚО бойынша«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалының жер кадастр және жылжымайтын мүлік бойыншаТарбағатай ауданының бөлімінде дөнгелек үстел өткізілді.

Ерлік Бактияров  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕ АҚ қызметкерлеріне заңды тұлғаларды  тіркеуге және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге құжаттарды қабылдау кезінде туындайтын сұрақтарға жауап берді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша, қатысушылар өздерінің қызықтырған сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар алды.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі