Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беру

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беру

8 cәуірде Семей қаласының ауданаралық Әділет басқармасының жетекші маманы Сауле Галиева мүлкінің меншік иелері бірлестігін  тіркеу (ММИБ), жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, ЖСН цифрлау мәселелері бойынша азаматтарға кеңес берді.

Іс-шараны өткізудің мақсаты азаматтарға мүлкінің меншік иелері бірлестігін  тіркеу және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу үшін құжаттарды беру тәртібі бойынша консультативтік көмек көрсету, сондай-ақ өтініш білдірген тұлғалардың ЖСН-ін цифрлау.

Кеңес беру барысында басқарманың мамандары мүлкінің меншік иелері бірлестігін және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу тәртібі туралы түсініктеме берді. ММИБ-ті тіркеу үшін 4 құжат қажет екендігі айтылды: ММИБ-тің атынан өтініш, ММИБ-ті құру бойынша шешім қабылдау туралы жиналыс хаттамасы, жарғы және ММИБ-ті тіркеу үшін ақы төлеу туралы түбіртек.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша толық түсініктемелер мен ұсыныстар берілді.

 

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі