МИБ тіркеу бойынша талқылау

МИБ тіркеу бойынша талқылау

8 сәуірде Алтай ауданаралық әділет басқармасының ғимаратында басшы Мейрлен Кайратов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің маманы Куат Жаунғанов және басқармасының бас маманы Швец Екатеринаның қатысуымен жиналыс өткізді.

Кездесудің мақсаты мүлік иелерінің бірлестігін тіркеуге байланысты негізгі мәселелерді талқылау болды. Тұрғын үй инспекциясының өкілі хабарлағандай, олардың бөлімі басқару нысанын таңдау бойынша кондоминиумға қатысушылармен жұмыс жүргізуде, бұл ретте әділет органдары тарапынан консультациялар түрінде көмек көрсету және заңды тұлға тіркелген жағдайда қажетті құжаттар тізбесін ұсыну қажет.

Іс-шара соңында осы бағыттағы бірлескен жұмыс туралы шешім қабылданды, сондай-ақ Мейірлен Кайратов Әділет басқармасы меншік иелерінің бірлестіктерін тіркейтін азаматтарға құқықтық көмек көрсетктіндігін хабарлады.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі