Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

7 сәуірде Семей қаласының ауданаралық Әділет басқармасының жетекші маманы Альмира Идрисова Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің заң факультетінің «Құқықтанудың өзекті мәселелері» ғылыми-зерттеу орталығымен ұйымдастырылған «Әйелдерге қатысты отбасылық тұрмыстық зорлық–зомбылықтың алдын алудың әлеуметтік-құқықтық аспектілері» атты тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Іс-шара Қазақстан, Ресей және Қырғызстаннан келген 50-ден астам қатысушының назарын аударды. Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өзекті мәселелерін талқылауға тәжірибелі сарапшылар, атап айтқанда психология, педагогика және құқық саласындағы ғалымдар, қоғам қайраткерлері, құқық қорғау органдары мен сот жүйесінің өкілдері қатысты.

Конференция барысында отбасындағы әйелге қатысты зорлық-зомбылық феноменінің әлеуметтік-психологиялық аспектісі, әйелдер құқығын қорғаудың конституциялық негіздері мен отбасылық-құқықтық кепілдіктері, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен жолын кесудің әкімшілік-құқықтық шаралары, сондай-ақ әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саласындағы қылмыстық саясат мәселелері талқыланды.

Конференция қорытындысы бойынша ғалымдар мен практиктердің ұсыныстары ҚР Парламенті Сенатына жолданады.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі