«Мемлекеттік тіл мәртебесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

«Мемлекеттік тіл мәртебесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

7 сәуір 2021ж Тарбағатай ауданаралық әділет басқармасымен аудандық кітапхана мекемесі қызметкерлері арасында «Мемлекеттік тіл мәртебесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, қазақ тілін жаңғырту. Тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамыту  болып табылады.

Басқарма басшысы Ерлік Бактияров және мемлекеттік сот орындаушысы С.Жалелбеков аудандық кітапхана қызметкерлерімен мемлекеттік тілдің маңызы, қоғамдық ортада алатын рөлі, қазіргі таңдағы тіл мәселесіне қатысты бірқатар мәселелерді көтерді.

Дөңгелек үстел соңында қызметкерлермен тіл мәселесіне қатысты сұрақтарға толыққанды жауап берілді.

 ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі