«Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Курчатов қ. бөлімінің мамандарымен семинар өткізілді

«Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Курчатов қ. бөлімінің мамандарымен семинар өткізілді

2 сәуірде Семей қаласының ауданаралық Әділет басқармасының бас маманы Асия Каленова «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Курчатов қ. бөлімінің мамандарымен бірлесіп онлайн форматта семинар өткізді.

Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты – консультациялық көмек көрсету, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жетілдіру.

Өз сөзінде Асия Каленова коммерциялық емес заңды тұлғаны, филиалды есептік тіркеу, қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу тәртібін, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), филиалдарды есептік тіркеу (қайта тіркеу) және құжаттарды беру мерзімдерін түсіндіріп, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу кезінде туындайтын сұрақтар бойынша ақпарат берді. Сондай-ақ, электрондық түрде тіркеу туралы атап айтты.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Президентінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауының бағыттарын түсіндірді.

Өткізілген іс-шараның қорытындысы бойынша халыққа қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері өздерін қызықтырған мәселелер бойынша толық жауап алып, басқарма маманына алған ақпараттары үшін алғыстарын білдірді.

 

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі