31 наурызда Семей қаласының ауданаралық Әділет басқармасының мамандары «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Семей қ. бөлімдерінің мамандарымен «Коммерциялық емес заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді жүзеге асыру. Электрондық тіркеу», «Мүлкінің меншік иелері бірлестігін (ММИБ) құру және тіркеу» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы» атты тақырыптарында семинар өткізді.
Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты – консультациялық көмек көрсету, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жетілдіру.
Семинар барысында басқарманың бас маманы Асия Каленова коммерциялық емес заңды тұлғаны, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу, қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу тәртібін, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), филиалдарды (өкілдіктерді) есептік тіркеу (қайта тіркеу) және құжаттарды беру мерзімдерін түсіндіріп, электрондық түрде тіркеу туралы атап айтты.
Мүлкінің меншік иелері бірлестігін тіркеу тәртібі, кворумды қамтамасыз ету, ММИБ-ті басқару нысанын таңдау, Жарғыны әзірлеу және бекіту туралы түсініктемелер берілді. ХҚКО қызметкерлері заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды қабылдау кезінде туындайтын мәселелерді көтерді.
Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылармен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының негізгі бағыттары талқыланды.
Іс-шара соңында қатысушылар тіркеуші орган мен халыққа қызмет көрсету бойынша бөлімдерінің мамандарының тұрақты ынтымақтастығы мен тығыз өзара іс-қимыл туралы шешім қабылдады.
ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі