30 наурызда Үржар ауданаралық әділет басқармасымен ауданының орталық кітап ханасында «Қазақ тілі-мемлекеттік тіл» атты тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шараға Үржар ауданының орталық кітапханасының мамандары мен Үржар аудандық «Уақыт тынысы» газетінің тілшісі Амантай Оспанов қатысты.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын дамыту.
Іс-шара барысында бас мамны Медет Камашевпен Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының маңыздылығына түсініктемелер беріліп, мемлекеттік тілдегі құжаттарды рәсімдеудің дұрыстылығы, сонымен қатар қазақ алфавитінің латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшу жайлы сұрақтар талқыланды.
Семинар соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, қызықты сұрақтарды талқылап, мемлекеттік тілді дамыту бойынша шараларды тұрақты түрде өткізуді шешті.
ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі