«Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы - Халыққа қызмет көрсету департаментінің Семей қаласының №2 бөлімінде «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді

«Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы - Халыққа қызмет көрсету департаментінің Семей қаласының №2 бөлімінде «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді

30 наурызда «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы - Халыққа қызмет көрсету орталығының Семей қаласының №2 бөлімінде ауданаралық Әділет басқармасының мамандары Семей қаласының сот актілерін орындау бойынша ауданаралық аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысы, «Аманат» Шығыс Қазақстан облысының заң кеңесшілер палатасының төрағасы және қала нотариусымен бірлесіп «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтарға құқықтық сұрақтары бойынша заң кеңестерін беру.Осы акция аясында 12 азаматтардан заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, мүлік иелерінің бірлестігін құру кезінде кондоминиумды рәсімдеу, акт жазбаларына өзгерістер енгізу, сот актілерін орындауға қатысты және т.б. сұрақтар келіп түсті. Барлық өтініштер бойынша тиісті түсініктемелер берілді.

Іс-шара аяқталғаннан кейін азаматтар өз алғысын білдіріп, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету бойынша кеңестердің маңызы зор екенін атап өтті.

 

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі