Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары!

Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары!

Сіздерді Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің атынан көктемнің алғашқы мерекесі "Алғыс айту күнімен" шын жүректен құттықтаймын!

Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні болып табылады.

Кешірім - адамгершіліктің арқауы болса, алғыс айту - берекелі бірліктің бастауы болмақ. 1 наурыз - ең алдымен келісім мен бейбітшілік күні. Ортақ тағдыр тоғыстырған Қазақстан халқының бір-біріне сый-құрметін көрсететін күн. 

Ел Тәуелсіздігін нығайту үшін және оның қуатын арттыруға айрықша үлес қосқан барша азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, еліміздің бірлігі мен татулығы мәңгілік болсын!

 

Ізгі тілекпен ШҚО Әділет Департаментінің басшысы – Нұрғали Андасов