Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар басталды

Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар басталды

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ағымдағы жыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы деп жарияланды. Тәуелсіздік күні - еліміздің бостандығы мен ұлылығының символы. Әрбір қазақстандық үшін бұл өте маңызды.

Шығыс Қазақстан облысының әділет департаменті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өз кезегінде «30 ізгі іс» марафонының Жоспарын жасады.

Осылайша, Жоспарға сәйкес Департамент «Мамандандырылған балалар үйі» мемлекеттік мекемесінде «Жақсылық жаса» қайырымдылық акциясын өткізді.

Департамент басшысы Нұрғали Андасов қайырымдылық көмек көрсету үшін мекеме тәрбиеленушілеріне дәрумендер кешені мен жаялықтар жиынтығын берді.

Мұндай іс-шараларды Әділет департаменті тұрақты негізде жүзеге асырады.