«Салық Зиманұлы Зимановтың еңбек тарихы» атты тақырыбында Семинар өткізілді

«Салық Зиманұлы Зимановтың еңбек тарихы» атты тақырыбында  Семинар өткізілді

24 ақпанда Үржар ауданаралық әділет басқармасының бас маманы Медет Камашев «Бауыржан Момышұлы» атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушыларымен «Салық Зиманұлы Зимановтың еңбек тарихы» атты тақырыбында семинар өткізді.

Іс-шара барысында бас маман оқушыларға  Салық Зиманұлы Зиманов — қоғам және мемлекеттік ірі қайраткер тұлға, заңгер ғалым, Заң ғылымының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылы макадемиясының академигі, Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері. ҚР тұңғыш парезидентінің мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының иегері екендігін айтып түсіндірді.

Іс-шара соңында оқушылар ой-пікірлеріме бөлісіп, қойылған сұрақтарына жауаптар  берді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі