Семинар өткізілді

Семинар өткізілді

 Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигіне, еңбек сіңірген ғылым қайраткеріне, заң ғылымдарының докторына, профессор Салық Зиманұлы Зимановқа 100 жыл толуына байланысты 24 ақпанда Үржар ауданаралық әділет басқармасының ұйымдастыруымен  Үржар ауданының «Ілияс Жансүгіров» атындағы орта мектептің 9 сынып оқушыларымен семинар өткізілді.

Іс-шара барысында бас маман Медет Камашев оқұшыларға Салық Зимановтың өмірі, терең  еңбектері туралы баяндама оқып, өмірінен бейне үзінді көрсетті.  Академиктың жарты миллионға жуық ғылыми мұрасы бүгінгі және келешек ұрпақ үшін өте құнды дүниелер болып табылады. Терең еңбектері келешек қазақ қоғамын нығайтуға қызмет етеберетіндігін айтып түсіндірді.

Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасты, сұрақтарға жауап берілді.

 

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі