Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамадағы өзгерістер тақырыбында семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамадағы өзгерістер тақырыбында семинар өткізілді

21 қаңтарда ШҚО Әділет департаментінің құрылымдық, ауданаралық басқармалары, аумақтақ бөлімше басшыларының, ведомстволық ұйымдар өкілдірі  және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша Департаментінің алдын-алу және парасаттылық басқармасының басшысы Ренат Набиевтың қатысуымен онлайн режимде семинар өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі 2020 жылдың 19 желтоқсанында Президентпен қол қойған Қазақстан Республикасының «Кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңнамасын түсіндірді. Ренат Набиев бірінші басшылардың қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілігі туралы баяндады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Кадр қызметі департаментінің 2020 жылы әділет органдары жүйесінде сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларға жасалған талдау қаралды,  және  талдауда көрсетілген пункттерді орындау үшін нұсқаулар берілді.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ әділет департаменті қызметкерлерінің еңбек және қызметтік тәртіпті сақтауын қатаң сақтайтындығы айтылды.

Іс-шараның мақсаты департамент қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы,  мемлекеттік қызметі туралы заңнаманың талаптарын бұзушылықтарды болдырмау.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі