"Adaldyq alany" жобалық кеңсесінің 2020 жылғы қорытындысы шығарылды

"Adaldyq alany" жобалық кеңсесінің 2020 жылғы қорытындысы шығарылды

19 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары Ермек Корабаев «Адалдық Алаңы» республикалық жобасы жұмысының қорытындылары бойынша онлайн кездесуге қатысты.

Іс-шара модераторы «Адалдық Алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов болды, ол жобаның оң нәтижелерін атап өтті.

Адалдық департаментінің директоры 2020 жылға арналған «Адалдық Алаңы» жобасын іске асырудың нәтижелері туралы айтты.

Превенция департаментінің басшысы «Адалдық Алаңы» жобалық кеңселерінің аналитикалық превенцияға қосатын мүмкін үлесі туралы хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті осы жобаны жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. 2019 жылдың 12 сәуірінде «Шығыс Адалдық Алаңы» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және заңгерлік көмек көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті, Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті, Шығыс Қазақстан облысының  адвокаттар алқасы және нотариалдық палатасы арасындағы өзара ынтымақтастығы бойынша Меморандумға қол қойылды.

Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті ғимаратының 1-ші қабатында «Шығыс Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі жұмысын атқарады, бұл азаматтарға заңды кеңестер мен олардың мәселелерін шешудің қол жетімділігін қамтамасыз етеді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі