Заң кеңесшілерімен семинар өткізілді

Заң кеңесшілерімен семинар өткізілді

15 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің  тапсырмасын орындау мақсатында Семей қаласының ауданаралық әділет басқармасының жетекші маманы Альмира Идрисовамен заң кеңесшілердің қатысуымен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде 2020 жылдың 30 желтоқсанында мақұлданған Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы семинар өткізілді.

Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаға енгізілген түзетулерді талқылау болып табылады.

Семинар барысында қатысушылармен заң консультанттары палатасы мүшелерінің ең аз санын бекіту, заң консультанттарының құпиясын енгізу, республикалық заң консультанттары палаталарының алқасын құру, заң консультантары палатасына кіру кезінде аттестаттаудан босатуға қатысты ақпарат қаралды.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар осы бағыттағы заңнаманы құқықтық насихаттауды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды одан әрі жүргізу туралы шешім қабылдады.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі