"Буллинг, Кибербуллинг" тақырыбында оқушыларға дәріс өткізілді

"Буллинг, Кибербуллинг" тақырыбында оқушыларға дәріс өткізілді

2026 жылғы 09 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімімен Өскемен қаласы әкімдігінің «№37 орта мектебі» КММ оқушылары үшін «Буллинг, Кибербуллинг» тақырыбында дәріс өткізілді. Шара қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерін түсіндіру мақсатында «Заң және тәртіп» нарративін ақпараттық жариялау аясында ұйымдастырылды. Кездесу барысында мектеп оқушылары шынайы өмірдегі және желідегі қорлықтың ұғымымен, нысандарымен, түрлерімен және салдарымен танысты. Сондай-ақ жасөспірімдерге қорғану тәсілдері, көмекке жүгіну кезіндегі құпиялылық құқығы және осы саланы реттейтін негізгі заңнамалық нормалар туралы ақпарат берілді. Дәріс соңында оқушылар білікті кеңестік көмек алып, барлық сұрақтарына толық жауаптар алды.