СОТ САРАПТАМАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

СОТ САРАПТАМАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот-сараптама қызметі саласындағы заңнаманы кешенді түрде жетілдіру жұмыстарын жүргізді.

Заңнамалық өзгерістер күшіне енгеннен кейін не өзгереді?

Жеке сот сарапшылары
- Бұл ұғым алғаш рет Қазақстан Республикасының «Сот-сараптама қызметі туралы» Заңында бекітілді.
- Қызметті жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай талаптар айқындалды.

Бірыңғай қағидалар
- Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер барлық сот сарапшыларына қолданылады.

Лицензиядан кейінгі бақылау
- Лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың негіздері енгізілді.
- Заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді.

Лицензиялау
- Лицензия алу рәсімдері жеңілдетілді.

Сарапшыларды даярлау
- Тағылымдамадан өтуге және біліктілікке қойылатын бірыңғай талаптар белгіленді.

Тарифтер
- Бюджет қаражаты есебінен жеке сот сарапшылары жүргізетін сот сараптамаларының ақысын төлеу мәселелері реттелді.

Медициналық ақпарат
- Сараптама жүргізуге қажетті медициналық мәліметтерге қол жеткізу мүмкіндігі көзделді.

«Е-Сараптама»
- Жүйе заңнамалық деңгейде бекітілді.
- Сараптамаларды электрондық түрде тағайындау.
- Сараптама қорытындыларын электрондық түрде беру.
- Сараптама жүргізу процесін толық цифрлық сүйемелдеу.

Жеке сот сарапшыларының тәртіптік жауаптылығы
- Тәртіптік жауаптылыққа тарту тәртібі реттелді.
- Сот сарапшылары республикалық палатасының рөлі күшейтілді.

Сот-психиатриялық сараптама
- Жекелеген сараптамаларды жүргізу тәртібі оңтайландырылды.

Нәтижесі
- Сот сараптамасының сапасы артады.
- Мемлекеттік және жеке сот сарапшылары үшін бірыңғай стандарттар қамтамасыз етіледі.
- Ашықтық пен цифрландыру деңгейі күшейеді.
- Сот-сараптама қызметіне деген сенім артады.

Заң нормаларын қолдану кезінде олардың Қазақстан Республикасының «Сот-сараптама қызметі туралы» Заңында тікелей көзделген күшіне ену мерзімдерін ескеру қажет екенін атап өту қажет.