
Ағымдағы жылдың 17 шілдесінде Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің мамандарының қатысуымен азаматтардың өтініштерін қарау сапасын арттыру мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Семинар барысында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде оларды шешуге бағытталған шаралардың жеткіліксіз қабылдануы және бұзылған құқықтарды қалпына келтіру мәселелеріне назар аударылды.
Қатысушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын сақтау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін жан-жақты, объективті және уақтылы қарау, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Семинар қорытындысы бойынша өтініштерді қарау сапасын арттыру, ведомстволық бақылауды күшейту және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде тиісті ұсынымдар берілді.