Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің кеңейтілген аппараттық кеңесі өтті

Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің кеңейтілген аппараттық кеңесі өтті

Кеңес барысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары шығарылып, құрылымдық бөлімшелер мен аумақтық органдардың қызмет нәтижелері қаралды, сондай-ақ ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына арналған басым міндеттер айқындалды.
Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік басқару құжаттарында көзделген іс-шаралардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Даму жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізу, мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуі, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы әрі уақытылы қарау, құқықтық түсіндіру іс-шараларын сапалы жүргізу, сот актілерінің уақытылы орындалуын қамтамасыз ету және қызметтің басқа да басым бағыттары бойынша нақты тапсырмалар берілді.