
2026 жылғы 16 шілдеде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» ШЖҚ РМК (QAZPATENT) бірлесіп тауар белгілерін, өнеркәсіптік үлгілерді және географиялық нұсқамаларды тіркеу мәселелері бойынша оқыту семинарын өткізді.
Семинарда Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Г.Сарбасова кіріспе сөз сөйлеп, зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың маңыздылығына және кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттырудың өзектілігіне тоқталды.
Семинар барысында ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» ШЖҚ РМК (QAZPATENT) мамандары тауар белгілерінің бизнесті дамытудағы рөлі, тауар белгілерін халықаралық деңгейде құқықтық қорғау, тіркеуге өтінім беру талаптары, географиялық көрсеткіштерді құқықтық қорғау, өнеркәсіптік үлгілерді тіркеу мәселелері бойынша жан-жақты түсіндірме беріп, сондай-ақ QAZPATENT-тің жеке кабинеті арқылы өтінімдерді электрондық форматта беру тәртібін көрсетті.
Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, өнеркәсіптік меншік объектілерін үлгілерді тіркеу мәселелері бойынша жан-жақты түсіндірме берілді.