Семинар өткізілді

Семинар өткізілді

15.07.2026 жылы Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау бөлімі «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының Өскемен қаласының Халыққа қызмет көрсету жөніндегі №1 бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп коммерциялық емес заңды тұлғаларды тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтар, азаматтық хал актілері мен ресми құжаттарға апостиль қоюы саласындағы мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша семинар өткізді.
Апостиль саласында «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ филиалының АХАТ қызметкерлері электрондық апостиль енгізілген мемлекеттердің тізімімен, сондай-ақ электрондық апостильді енгізуге қосымша қосылған мемлекеттермен (Люксембург, Сауд Арабиясы, Жапония) таныстырылды. Өзіне-өзі қызмет көрсету секторының қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жағдайларының саны, олардың себептері мен негіздері туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ алдағы уақытта мұндай бас тартулардың алдын алуға бағытталған мәселелер талқыланды.

Азаматтық хал актілерін тіркеу саласында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен ағымдағы жылдың маусым айында келіп түскен Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, оларды қалпына келтіру және күшін жою қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасы талқыланды.
Заңды тұлғаларды тіркеу саласында қызметкерлер Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 19 мамырдағы «Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының ережелерімен таныстырылды. Аталған Заңмен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту кезінде тыңдауды өткізуді алып тастауды көздейтін өзгерістер енгізілді.
Іс-шараның нәтижелері бойынша қатысушыларға қажетті консультациялық заң көмегі көрсетілді, сондай-ақ қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.