Меморандум талқыланды

Меморандум талқыланды

19 карашада Тарбағатай ауданаралық әділет басқармасының басшысы Ерлік Бақтияров «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Қанат Ильясовпен , Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаменті мен кәсіпкерлік Палатасының арасындағы зияткерлік меншікті қорғау және сақтау мәселелері  бойынша өзара түсіністік және ынтымастық туралы меморандумы талқыланды.

Іс-шара барысында Меморандум шеңберінде, кәсіпкерлердің зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласында хабардарлықты арттыру мақсатында бірлескен жұмысты күшейту туралы шешім қабылданды.

 ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі