"ZOOM "бағдарламасы бойынша онлайн форматта кеңес өткізілді"

"ZOOM "бағдарламасы бойынша онлайн форматта кеңес өткізілді"

19 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің бастамасымен Әділет департаментінің орынбасары Е.Қорабаев әлеуметтік маңызы бар санаттағы істердің атқарушылық құжаттарын орындау бойынша Шығыс Қазақстан облысының жеке сот орындаушыларымен кеңес өткізді.

Бүгінгі таңда жеке сот орындаушыларының орындауында жалпы сомасы 209 млн.538 мың 699 теңге болатын жалақыны өндіріп алу туралы 502 атқарушылық құжат бар. Берешекті өндіріп алудың басым бөлігі Семей өңіріне тиесілі.

Кеңесте жоғарыда аталған істер санаты іс жүргізуінде жатқан жеке сот орындаушыларының есептері тыңдалды.

Кеңес барысында жалақыны өндіріп алу бойынша өндірісті орындау бойынша нақты міндеттер мен мерзімдер қойылды.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі