"Микс" радиосында сөз сөйлеу

"Микс" радиосында сөз сөйлеу

Ағымдағы жылдың 01 шілдесінде Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Г.С.Сарбасова Өскемен қаласының «МИКС» радиосының тікелей эфирінде «Құқықтарды ұжымдық басқару саласы және Бірыңғай цифрлық платформа» тақырыбында сөз сөйледі.
2025 жылдың қараша айында мемлекет басшысы зияткерлік меншік саласындағы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заңға қол қойды.
Заң зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.
Басты жаңалық ұжымдық құқықтарды басқару саласында Бірыңғай цифрлық платформа болды. Платформа авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметін ашық әрі тиімді етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, авторлық сыйақының есептелуі мен бөлінуі автоматтандырылып, пайдаланылған шығармалар туралы нақты ақпарат алуға жағдай жасалады.

Жоба үш кезеңде іске асырылады: І кезең (23 қаңтар 2026 жыл) – эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарын қамтиды; ІІ кезең (1 шілде 2026 жыл) – театрлар, кинотеатрлар және филармониялар қосылады; ІІІ кезең (1 қаңтар 2027 жыл) – мейрамханалар, қонақ үйлер және басқа да музыка пайдаланыл🔹️Ағымдағы жылдың 01 шілдесінде Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Г.С.Сарбасова Өскемен қаласының «МИКС» радиосының тікелей эфирінде «Құқықтарды ұжымдық басқару саласы және Бірыңғай цифрлық платформа» тақырыбында сөз сөйледі.
атын қоғамдық орындар қамтылады.
Бірыңғай цифрлық платформаны енгізу Қазақстандағы зияткерлік меншік жүйесін жаңғыртуға, авторлардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және шығармашылық еңбектің әділ бағалануына ықпал етеді.
Цифрландыру зияткерлік меншік саласындағы ашықтық пен тиімділікті арттыра түседі.