Жұмыс кеңесі өткізілді

Жұмыс кеңесі өткізілді

Ағымдағы жылдың 30 маусымында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің мамандарымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде Қазақстан Республикасының Әкімшіллік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.
Іс-шара барысында ҚР ӘРПК-нің 9-бабының талаптары, шағымдарды жоғары тұрған лауазымды тұлғаның қарау тәртібі, өтініш иелерінің уәждерін жан-жақты және объективті тексеру, сондай-ақ өтініштерді қарау мерзімдерін сақтау мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, шағымды әрекеті (әрекетсіздігі) шағымдалып отырған сол лауазымды тұлғаның қайта қарауына жол бермеу, Мәжбүрлеп орындату комитетінің тапсырмаларын қарау сапасына ведомстволық бақылауды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, азаматтардың өтініштерін қарау кезінде заңнама талаптарын қатаң сақтау тапсырылды.